Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын әрекет етуге шақыратын әлем азаматтары

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын әрекет етуге шақыратын әлем азаматтары

0 have signed. Let’s get to 5,000!
At 5,000 signatures, this petition is more likely to get picked up by local news!
#COVIDisAirborne started this petition to Dr. Tedros (World Health Organization (WHO))

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын әрекет етуге шақыратын әлем азаматтары

Version:   English  |  Español  |  Italiano  |  Française  |  Deutsche  |  礼 Japanese  |  繁軆字 C.Chinese  |  简体字 S.Chinese  |  한국어 Korean  |  हिंदी Hindi  |  Монгол Mongolian  |  Tiếng Việt Vietnamese  |  Filipino  |  русский Russian  |  український Ukrainian  |  қазақ Kazak  |  Persian فارسی

Мақсат туралы мәлімдеме
Біз, әлемнің азаматтары, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан (ДДСҰ) SARS-CoV-2-нің ауа-тамшы жолымен таралатындығын мақұлдайтын ғылыми дәлелдерге назар аударуын сұраймыз және біз ДДСҰ-ны тез арада адамдарға өзін-өзі қорғауға көмектесетін нақты нұсқаулықтар әзірлеп, бастамашылық етуге шақырамыз.

Пандемияның алғашқы кезеңдерінде ДДСҰ COVID-19-ның ауа арқылы тасымалданбайтындығын сенімді түрде мәлімдеді және оны «жалған ақпарат» деп атады (28 наурыз, «ФАКТ: COVID-19 ауа арқылы ТАРАМАЙДЫ»).

Бұл хабарлама бүкіл әлемге нақты және анық таралды және көптеген адамдардың вирустың таралу жолдары туралы түсініктемелерінің негізі болып қалыптасып кетті.

Сол уақыттан бері ДДСҰ бұл позицияны жұмсартып, SARS-CoV-2-нің әуе арқылы берілуі мүмкін екенін мойындағанына қарамастан, бұл жағдай жеңілдету стратегияларына әсер етуде.

ДДСҰ инфекцияның әуе арқылы таралуының шектеулі танылуына байланысты өзінің тәжірибелік нұсқауларына біраз жаңартулар енгізді.

Алайда, ДДСҰ-ның шектеулі жаңартылған нұсқамасы да көпшілікке толық жеткізілмеген немесе түсіндірілмеген.

ДДСҰ-ның инфекцияның ауа арқылы берілуіне қатысты анықтығы мен жеделдігінің болмауы саясатты әзірлейтін адамдар мен азаматтар қосымша сақтық шараларын қолға алудың керегі жоқ деген қорытындыға келді. Біз мұның дұрыс емес екенін білеміз.

Қолды жуу, арақашықтықты сақтау және маска кию жеткіліксіз екенін білеміз.

ДДСҰ әлемді барлық өзекті және қол жетімді ғылыми ақпаратпен қамтамасыз етуге міндетті.

Оның денсаулық сақтау органдарына әсерін практикалық нұсқауларды өзгерту және ауамен таралу қаупін азайту үшін қолдану керек.

ДДСҰ желдету шараларының не үшін қажет екенін нақты түсіндіріп, ғимарат ішінде физикалық қашықтықты сақтауға мүмкіндік бар болса да, бетперде кию ұсынылатын нұсқаулықтың жаңартылған түрін дайындау керек. ДДСҰ-ның шарасыздығы – түсініспеушілік пен ауыр зиян тудырып, COVID-19-қа әлемдік реакцияны бәсеңдеіп жатыр.

SARS-CoV-2-нің әуе арқылы берілуі факт. Нәтижесінде кейбір елдер мұны мойындап үлгерді. Көптеген басқа елдерде хабардар адамдар қазірдің өзінде отбасыларын және жақындарын қорғау үшін шаралар қабылдауда. Алайда, барлығының ресурстары немесе ақпаратқа қол жетімділігі бірдей емес.

Бүкіл халықты бірдей қорғаудың жалғыз әдісі - жергілікті басқару органдары арқылы. Олардың көпшілігі ДДСҰ нұсқауларын орындайды. Осы шындықты ескере отырып, ДДСҰ-ның тарапынан нақты басшылықтың болмауы әлеуметтік теңсіздіктің артуына ықпал етіп отыр.

Іс-әрекетті талап етеді
Әлем азаматтары ретінде біз ДДСҰ-дан:

  1. SARS-CoV-2 аэрозольдар арқылы жақын маңда да, бөлме ішінде де ауа арқылы берілетінін жете түсінуді сұраймыз. Бұл бұлтартпас дәлелдемелермен сәйкес келеді және сақтық қағидасына сай.
  2. Көпсалалы мамандармен келісе отырып, SARS-CoV-2-нің әуе арқылы берілуін төмендететін шұғыл нұсқаулық әзірлеуді сұраймыз. Бұл нұсқаулықта бетпердені қалай дұрыс кию керектігі жөнінде және жалпы жабық жерлерде қауіпсіз арақашықтық жоқ болғандықтан бетпердені жабық жерде де кию керек екендігі жөнінде; желдетуді және ауаны тазартуды қалай жақсартуға болатыны жөнінде; және желдету деңгейін білу үшін CO2 өлшегіштерін пайдалану жөнінде айтылуы керек.
  3. Жоғары қауіп-қатер санатындағы қызметкерлерге, әсіресе SARS-CoV-2 таралуы тек жұмысшыға ғана емес, сонымен қатар пациенттерге және осал топтарға әсер ететін денсаулық сақтау мекемелері мен қарттар үйінде қолданылатын жеке қорғаныс құралдары туралы нұсқаулықты жедел түрде жаңартуды сұраймыз. Кемінде сынақтан өткен N95 / FFP2 бетпердесін ұсынған жөн. SARS-CoV-2-нің ауа-тамшы жолымен берілуін мойындамау медицина қызметкерлерінің жеткілікті дәрежеде қорғалмағандығына әкелді.
  4. Жұртшылыққа, үкіметтерге, ұлттық және аймақтық денсаулық сақтау органдарына бұл ақпаратты жылдам жеткізу үшін ДДСҰ платформасын пайдаланып адам өмірін сақтап қалуда  жедел шаралар қабылдау керек. SARS-CoV-2-нің әуе арқылы берілуін болдырмау үшін кең ауқымды жарнама науқанын бастап, бүкіл әлемдегі адамдарға вирустың ауада қалай таралатыны туралы ақпарат беріп, мүмкіндігінше ашық ауада демалуды насихаттауды сұраймыз. Бұған қарама-қайшы келетін алдыңғы уақыттарда жасалған мәлімдемелерді түзетіңіз. Қарама-қайшы хабарламалар өмірді алады және жағдайды азайту стратегияларын әлсіретеді.
  5. Ақырында, ДДСҰ өздерінің қоғамдық ұсыныстарын ғылыми дәлелденген нұсқаулықпен сәйкестендірмеу арқылы  азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіріп жатқан үкіметтер және ұлттық органдарға дипломатиялық қысым көрсетуі тиіс.

#COVIDisAirborne  |  covidisairborne.org  |  covidisairborne@gmail.com  |  @COVIDisAirborne

0 have signed. Let’s get to 5,000!
At 5,000 signatures, this petition is more likely to get picked up by local news!